2016 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша 3 пен 6 жастағы 4427 бала балабақша мен мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда тәрбиеленіп, 95,1 пайызды құрап отыр.
Алдағы уақытта «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 3 пен 6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту үшін біршама жұмыстар атқарылып келеді. Соның бірі Сексеуіл кентінен жеке кәсіпкер А.Енсепованың бастамасымен 160 балаға арналған «Алма-Рай» атты жеке балабақша ғимараты бой көтеріп, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Және де осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік тапсырыс беріп, жеке балабақша ашу, жекеменшік-мемлекеттік әріптестік негізінде балабақша салу жөнінде жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда аудан бойынша мемлекеттік 20 балабақша, жекеменшік 10 балабақша, мектеп жанынан ашылған толық күн болатын-19, жарты күндік шағын орталық-36, барлығы 85 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. 30 балабақшада 2787 бала, 55 шағын орталықта 1923 бала, барлығы 4710 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.