Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАДАМДАРЫ ҚАРЫШТЫ, ІСТЕРІ ТАБЫСТЫ

ҚАДАМДАРЫ ҚАРЫШТЫ, ІСТЕРІ ТАБЫСТЫАрал ауданына қарасты Аманөткел ауылдық округі әкімі К.Жанназаровтың 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі өтті.
Есепті кездесу барысында ауыл әкімі округ бойынша басты мәселе болған Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірдің 2016 жылы шешімін тауып, бүгінгі таңда өз мәнінде жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар, орталық саябақ республикалық бюджеттен бөлінген 3 млн 700 мың теңге толықтай қоршалған. Сондай-ақ, ауылдағы 3 көшеге 35 бағана қайта орнатылып, электр желілері жаңартылған. Бұған қоса, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2 млн теңге қаржы бөлініп, жарықтандыру жұмысы жүргізілген. Өткен жылы бастау алған амбулатория құрылысы да қарқынды жүргізілуде.
Жеке кәсіпкер Т.Жалмағамбетовтың өз қаражаты есебінен ауылдан жаңа «Назнұр» мейрамханасы ашылып, халық игілігін көруде. Округ көлемінде орналасқан тиісті сала мекемелері елмен етене жұмыс жасап келеді. 
Есепті кездесуде аудан және ауылдық округ бойынша баяндалған жұмыстарға тұрғындар өз бағасын беріп, аудан басшысы М.Оразбаев атап өткен алдағы міндеттердің толықтай орындалатынына сенім артты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: