Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРАҚҰМДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІ

ҚАРАҚҰМДА МАЛ БАСЫ КӨБЕЙДІАудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың есепті кездесуі ауданға қарасты Қарақұм ауылдық округінде жалғасты.
Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан округ жұртшылығы негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде округ көлемінде 80 шаруа қожалығы және 370 отбасының мал өсірумен айналысып отырғаны белгілі болды. Мал басына келер болсақ, 2016 жылы мүйізді ірі-қара 726 басқа, түйе 226 басчқа, жылқы 543 басқа және қой-ешкі 115 басқа көбейген.
Есепті жиында ауылдық округтің әкімі Б.Дәулетжанов 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ақтан» шаруа қожалығы 7 млн теңге несие алып, 42 мүйізді ірі қара, 2 асыл тұқымды бұқа сатып алғанын және бұдан басқа, мүйізді ірі қараны асылдандыру мақсатында 2 дара кәсіпкер, 18 жеке шаруа қожалығы 26 асыл тұқымды бұқа сатып алып, осы бағдарламаға сәйкес мал басына берілетін мемлекеттік субсидияға қол жеткізгендігін баяндады. Ал, «Бірлік» және «Рахат» шаруа қожалықтары «Арал ырысы» несие серіктестігінен алынған 9,5 млн теңгеге 29 мүйізді ірі қара, 11 түйе,1 жылқы алып, шаруашылықтарын ілгерілетуде.
Жалпы округ көлемінде әр сала өз мәнінде қызмет атқаруда. Ауылды жерде ұялы байланыс орнатылған. Өткен жыл бойынша мал ұрлығы тіркелмеген. Жұмыс сұраушы ретінде тіркелген 76 адамның 61-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
Ауыл тұрғындары белсенді қатысқан есепті кездесуде осылайша өткен жыл таразыланып, алдағы нақты міндеттер баяндалды. Халық бір ауыздан ауданда атқарылған шараларға оң бағасын беріп, аудан әкіміне ризашылықтарын жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: