Бүгін, 4 ақпанда түстен дейін Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде әкімдердің есеп беру шарасы өтті. Оған Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.
Талсуатта былтыр атқарылған жұмыстар аз емес. Бұл жөнінде ауылдық округ әкімі Т.Мұсабаев баяндап берді. Округ аумағында 1980 адам тұрады. Еңбекке қабілетті жастағы 924 адамның 914-і жұмыспен қамтылған. Ауылда 30 кәсіпкер халыққа қызмет көрсетеді. Өткен жылы мұнда монша мен шаштараз құрылысы толық аяқталды. Оның құны – 12 млн. теңге. Ол кәсіпкер Бердібек Ерназаровтың қолдауымен жасалды. Сондай-ақғ округте мал шаруашылығымен айналысатын азаматтардың қатары көбейді. Ауылдағы салық межесі 170,8 пайызға орындалды. Елді мекендегі жарық мәселесі жылдан-жылға шешімін тауып келеді.
Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 925 гектар. Оның ішінде 3 шаруашылығы мал шаруашылығымен айналысады. Есепті мерзімге ауыл бойынша 12 тонна ет, 8 тонна сүт өндірілді.
Есеп беру шарасында тұрғындар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, оған лайықты жауап берілді. Аталмыш шараны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қорытындылады.