Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ОV ORDA» БҰЛТТЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ  ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ


Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған «ОV Orda» бұлтты бейнебақылау
(облачное видеонаблюдение) жобасы қолға алынып отыр.

Қазіргі таңда осы жоба аясында Қазақтелеком АҚ-ның қаржысы есебінен қаладағы тұрғын үйлерге видеодомофондар орнатылуда.
Ерекшелігі, тұрғындар үшін мобильді қосымшалары жасалып, 7 күндік мұрағат сақтау мүмкіндігі бар. Абоненттік төлем әр пәтерге 300-500 теңге көлемінде қарастырылған.
Бірінші кезеңде, былтырғы жылы қаладағы 2 көпқабатты (Астана мөлтек ауданы) тұрғын үй қосылған.  2 кезең бойынша - 91 көпқабатты (Сырдария, СПМК-70, Арай-2, Сұлтан Бейбарыс, Мерей мөлтек аудандары) тұрғын үй қосылды. 3 кезең бойынша - жыл аяғына дейін тағы 50 көпқабатты тұрғын үйді қосу жоспарланған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: