Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІБИ ЕМЕС МЕДИАТОРЛАРЫН ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ҚОРЫТЫЛАНДЫ


Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында 2018 жылғы 4 жетоқсан күні "Қызылорда қаласының кәсіби емес медиаторларын оқыту семинарлары" аяқталды.
Білім саласындағы дау - дамайлардың алдын - алу және медиация тәртібімен тиімді шешу мақсатында "Бітім" Медиация орталығы" Қоғамдық Бірлестігінің ұсынымымен Қызылорда қаласы бойынша 40 жастан асқан мектеп директорлары мен орынбасарлары кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне енгізіліп, семинарға қатысып, арнайы сертификаттар табысталды. Білім саласындағы дауларды медиация аясында сапалы әрі заң аясында қызмет етуге біліктіліктерін шыңдады, Семинар аясында медиаторлармен пікір бөлісіп, медиация институтын дамыту бағытында ойлар айтылды.
Семинарды өткізген "Бітім" медиация орталығы" ҚБ-нің жаттықтырушы медиаторы Ляззат Шайзадақызы Бақтыбаеваға қатысушылар тарапынан алғыс білдіріліп, осындай шараларды көбейту қажеттілігі ескертілді. Семинар "Қоғамдық келісім" КММ мен "Бітім" медиация орталығы" ҚБ арасындағы "Медиация институтын" дамытуға бағытталған меморандум аясында "Достық үйі" ғимаратының мәжіліс залында өткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: