Өңірлік кеңеске кандидаттардан өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша, сонымен қатар Қазақстан Республикасында шектеу шаралары (карантин) мерзімдерінің 2020 жылдың 20 шілдесінен 2 тамызына дейін 2 аптаға ұзартылуына байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге сайлау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Кандидатты тіркеу, құжат қабылдау 7-22 шілде аралығында өтеді, 25 шілдеден бастап 3 тамыз аралығында үгіт-насихат науқаны жүріп, 5-11 шілде аралығында онлайн дауыс беру өтеді.
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер қатарынан, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарында аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.
Облыстық кеңеске сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 60%-ы облыс орталығынан кәсіпкерлік субъектілері және аккредиттелген қауымдастықтар (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымдар өкілдерінен, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.