Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Есірткі алуға көмектестім": Қайрат Нұртастың есімі аталған желідегі жазбаға полицейлер не дейді

Facebook-те танымал әншілердің аты аталған қолхат тарап кетті. Онда Гаухар Мұса есімді азаматша есірткі сатумен айналыспайтынын, "тек эстрада жұлдыздарына оны сатып алуға көмектескені" жайлы айтады. Қолхатта Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың есімдері аталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 
Жазбаша мәтінді Ораз Әлімбеков есімді желі қолданушысы Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Қолхатта өзін Гаухар Мұса деп таныстырған қыз синтетикалық есірткі қолданғанын мойындаған, алайда есірткі сатумен айналыспағанын алға тартады. Айтуынша, ол "Қайрат Нұртастың және өзге де тұлғалардың өтінішімен оларға есірткі сатып алуға көмектесіп отырған". 
"Мен сатушыдан олардың сатып алған қалташаларын алып кетіп отырдым, немесе керісінше әншілердің ақшасын сатушыға апарып беріп жүрдім. Яғни мен оларға сатып алуға көмектестім, мен есірткіні біреулерге сатумен айналыспадым",- деп жазады қолхат иесі. 
Қолхатта оған Полиция департаментінің қызметкері (есірткімен күрес бөлімінің бастығы) әншілердің атын атамауды ескерткені жазылған. 
"Есірткімен күрес бөлімінің бастығы, атын білмеймін, бірақ көздері ойнақшып тұрады, сол менен Астана қалалық Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды сұрады. Менің есірткі заттарды тек қолданатынымды, ал сатумен айналыспайтыныма байланысты іс қозғамайтынын айтып алдады.
Егер оларды айтсам, іс көпке созылады, қиындап кетеді. Ал қазір мені есірткі тасымалдау бойынша айыптап жатыр екен және үлкен мерзім берілуі мүмкін”, - дейді Гаухар Мұса есімді азаматша адвокатына айтқан сөздерін жариялауға рұқсат беріп.
KAZ.NUR.KZ тілшісі желідегі ақпараттың рас-өтірігін Нұр-сұлтан қаласы Полиция Департаментінен, сондай-ақ қолхатта аты аталған танымал әнші Қайрат Нұртастың өзінен анықтауды жөн көрді. 
"Елордалық полиция қызметкерлері осы жылдың 18 мамырында ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы 3 бөлімі есірткіні заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша "Г" есімді азаматшаға қатысты тергеу амалдарын бастады. Ары қарай 2020 жылдың 22 мамырында жедел санкциялық іс-шараларды өткізу барысында "Г" есімді азаматша ұсталды. Оның жеке заттарын іздеу кезінде салмағы 3 граммнан аса "мефедрон" есірткі заты тәркіленді. Аттары аталған қазақ эстрадасы жұлдыздарының заңсыз есірткі айналымына қатысы бар-жоқтығы туралы Г. есімді азаматша жазбаша шағым түсірген жоқ", - деп жазды Нұр-сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісінің ақпараттық сауалына. 
Ресми орган материалдың сотқа жіберілгенін, дәлелдердің тексерілетінін хабарлады. 
Ал Қайрат Нұртастың администраторы желіде тараған ақпаратқа ешқандай пікір білдірмейтінін айтты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: