Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтеді

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған "Сөздің кені, ойдың кемелі" атты республикалық ақындар айтысы 22 желтоқсан күні сағат 11.00-де Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтеді.


Айтысты үш мәрте "Алтын домбыра" иегері, айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов жүргізеді.
Бұл жолғы дүбірлі додаға есімдері алты алашқа танымал Тілеген Әділов, Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Біржан Байтуов, Шұғайып Сезімхан, Мөлдір Айтбай, Ержан Әміров, Сұлтанхан Мейірбек, Сырым Әділбеков, Ержеңіс Әбдиев, Рай Дөңбай, Бексұлтан Орынбасар сынды жыр жампоздары өнер көрсететін болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: