Эксклюзивті жаңалықтың сүйіншісін әншінің PR менеджері Ринат Тәттібай сұрап үлгерді. Түсірілім 2015 жылдың мамыр айында Үндістанда өтеді деп жоспарлануда. Дәл қазір келісімшарт жұмыстары жүргізіліп, дайындық басталып кеткен. Тағы бір жаңалық аталған әнді Асхат африкалық Рич Ди есімді орындаушымен бірге шырқайды. Осылайша қазақтың бейнебаян қоржыны тағы бір сапалы туындымен толықпақ.