Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жалағаш жастары пішен орып жарысты

Жалағаш жастары пішен орып жарысты«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Үлкенге құрмет, кішіге міндет» тақырыбында ауданымызда ерікті жастардың қатысуымен акция болып өтті. Акция барысында пішен орудан жарыс өткізіліп, оған 9 ерікті жас қатысты. 
Қолына орақ алып, беліне бау байлаған ерікті жастар күріш егістігінде өсетін пішен шөбін орып, оны баулау үшін жекелей сынға түсті. Нәтижесінде I орынды М.Ермаханов, II орынды Ұ.Майбасаров пен О.Мәлік, ал III орын Ғ.Ағайдаров пен Е.Мырзалиевке бұйырып, қалғандары алғыс хатқа ие болды. 1 сағатқа созылған жарыстың қорытындысымен жиналған 80 бау пішен жалғызбасты қарт ана Р.Құрманованың қорасына түсірілді. 
Акция барысында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтар мемлекет қамқорлығында екенін, партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының мән-мағынасын түсіндіріп, үлкенге құрмет көрсетіп отырған жастарды отаншылдыққа, еңбекке шақырып, аудан жастарына алғыс білдірді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: