Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда ретро-вестиваль өткізілді

Қазалыда ретро-вестиваль өткізілдіҚазалы ауданында "Естен кетпес ескі әуендер" ретро-фестивалі өтті. Ол осымен 8-ші рет өткізіліп отыр.
Ретро-фестивальдің биылғы ерекшелігі қазалылық өнерпаздармен қатар көршілес Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданының ансамбльдері де өнер көрсетті. Көрермен қауым, әсіресе, аға буын өкілдері естен кетпес ескі әуендерді жанды дауыста тыңдап, бір жасап қалды.
Әсем кеште 70-80 жылдары қазақ әнін әлемге асқақтатқан «Дос-Мұқасан, «Айгүл», «»Гүлдер» ансамбльдерінің репертуарларындағы шығармалар орындалды. Сол жылдардағы әндердің әлі күнге халық есінде екендігін алаңға жиналған халықтың көптігі растады.
Кеш соңында аудан әкімдігінің аппарат басшысы А.Қаржаубаев өнер ұжымдарын марапаттап, ыстық ықыласын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: