Қызылорда қаласының орталық алаңында ежелгі Cлавян халықтарының дәстүрлі мерекелерінің бірі «Масленица» халықтық мейрамы аталып өтті.
Бұл қысты көңілді шығарып салу, жақындап келген көктемді, табиғаттың жаңаруын жылы қарсы алу мерекесі. Аталмыш мерекені жыл сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған "Славяне” этно-мәдени орталығының мүшелері, биылғы жылы да "Сударыня, Масленица!" тақырыбымен ұйымдастырылған шара арқылы қала тұрғындарына көтерінкі көңіл-күй сыйлады.