Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Борис Жапаров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді, деп хабарлайды облыстық архивтің баспасөз қызметі.
Күн тәртібіне сәйкес ресми Қонақ облыс әкімінің Қабылдауында болып, облыстың архив саласының мән-жайымен танысты.
Мұнан соң Б.Жапаровтың қатысуымен Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «Қызылорда облысында архив ісінің дамуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға облыстың архив мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарихшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиыннан кейін қонақтар облыстыҚ мемлекеттік архивінің жұмысымен танысты. Республика бойынша Қазақстан Республикасы Президенті архивінен кейін алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысында жүзеге асырылып жатқан «Электронды архив» бағдарламасының жұмысымен танысып, аталмыш тақырыптың жай-жапсарына егжей-тегжейлі тоқталды. Бір күндік бағдарламаны қамтитын іссапар барысы түстен кейін Сырдария, Қармақшы аудандық архивтерінде жалғасын тапты.