Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Димаштың ханзада образындағы видеосы желіде пайда болды


Желіде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ханзада образындағы видеосы пайда болды деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ порталы.
Өнер иесі ресейлік НТВ телеарнасының "1001 ночь или Территория любви" мюзиклінде өнер көрсетті.
Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында жарыққа шыққан туынды Михаил Гуцериев өлеңдеріне жазылған.
Музыкалық фильмде ел арасында танылып үлгерген шығармалар және жаңа әндер орындалды. Атақты ресейлік орындаушылар Филипп Киркоров, Кристина Орбакайте, Николай Басков бой көрсеткен мюзиклде Димаш Құдайберген ханзада рөлін сомдаған.
Бұны көрген өнер иесінің тыңдармандары әртістің образы ерекше екенін жеткізді.
Олар Димаш Құдайбергенге "ханзада" болған жарасатындығын білдірді.
Осыған дейін Димаш Құдайберген әлемдегі Адажио Альбинони әнін үздік орындайтын әншілердің бірі атанған еді. Тыңдармандардың ашық дауыс беру нәтижесінде қазақстандық үшінші орыннан көрінген.
Adagio World нұсқасы бойынша бірінші орын ресейлік опера әншісі Сергей Дудинскийге, ал екінші орын танымал француз әншісі Лара Фабианға бұйырды.
Сондай-ақ, талантты өнер иесі осы айда Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинация бойынша жеңіске жеткен еді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: