Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты. Спортшы қыз 2020 жылдың соңында ақ келін атанды. Бұл жөнінде Stan.kz жазды.
Бұл туралы сүйінші хабарды Сабинаның өзі хабарлады.
"2020 жылды ең керемет азаматтың жары ретінде аяқтаймын", - деп жазды спортшы қыз желіде.
Желі қолданушылары үшін бұл таңғаларлық жаңалық еді. Ақ тілегін арнап, құттықтасып жатыр. Енді бірі спортшы қыздың жұбайы кім екенін білгісі келіп, сауал жолдады.
"Тосын жаңалық болды", "Құттықтаймын, некелеріңіз мәңгілік болсын", "Мен сізді Қуат Найманмен қосып жүрсем", "Бақытты болыңыздар, тек жақсылық тілеймін", "Кімнің жары атандыңыз?", "Жолдасыңыз жайлы айтып кетіңізші", "Қуат Хамитовке ауыр болды", "Әркімнің өз тағдыры бар, бақытты болыңыз", "
Алла некеңізді қайырлы етсін", "Құтты болсын ! Бізге де жұғысты болсын", "Аллаһ некеңізді берекелі етсін", - деп жазды олар.