Қызылордада Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды
Қызылордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханадан Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың жеке кітапханасы ашылды. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, жаңа кітапхананың ашылуымен құттықтады.
- Қалтай ағаның өмірден озғанына да 14-15 жылдың жүзі болды. Артында бай әдеби мұрасы мен драмалық шығармаларын, публицистикалық еңбектері мен бірқатар аудармаларын қалдырған. Келешекте бұл кітапхананың халық игілігіне қызмет ететін мәдени орталыққа айналатынына, оқырмандарының жүрегіне жол табатынын білім ордасына айналарына сеніміміз мол, - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, жазушының драматургиялық шығармалары шет тілдеріне аударылып, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Венгрия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және тағы басқа елдердің театрларында қойылған. Бүгінгі күні кітапханаға жазушының жеке кітапханасындағы 8 мыңға жуық кітаптары, көп жылдар пайдаланған заттары, жазу құралдары, кәдесыйлары мен портреті әкелінген.