Қызылордада қала күні мерекесіне орай алғаш рет қауын-қарбыз фестивалі өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қауын-қарбыздан жасалған тағамдардан дастархан жайылды. Фестивальді аймақ басшысы Қ.Көшербаев тамашалады.
Елімізде қауын-қарбыз өндірісі жөнінен Сыр өңірі алдыңғы қатарда келеді. Қазіргі уақытта дария бойындағы диқандар жыл сайын 15 мың гектарға жуық бақша дақылдарын егеді. Олардың арасында қауынның қара күләбі, әміре, әңгелек сияқты сорттары үлкен сұранысқа ие.
Биыл қала күні мерекесі кең көлемде аталып өтілуде. Қауын-қарбыз, кондитерлік өнімдер және балалар шығармашылығы фестивалі, жас ақындар мүшәйрасы, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Фестивальде аймақ басшысы Қ.Көшербаев қызылордବлықтарды мерекелерімен құттықтады.
Бүгінгі қауын-қарбыз фестивалі ала жаздай егіс даласында тынбай бел бүккен ағайынның еңбек мерекесі. Айта кетейік, соңғы бір ай бойы қала тұрғындарын арзан бағалы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында әр жексенбі сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Фестиваль ұлттық ойындармен жалғасты. Арқан тарту, асық ату, гір көтеру, қол күресте мықтылар анықталды. Сондай-ақ, «Балалар әлеміне» саяхат» балалар ойыншықтарының жылжымалы шеруі өтті. Қала күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.