Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІН АТАЛЫП ӨТТІ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІН АТАЛЫП ӨТТІ

 

Арал қалалық мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірім сыйлауға үндейтін концерт өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдыңы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық концертке аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі және белсенді қала жастары, әлеуметтік қызметкерлер белсене араласты.
3 желтоқсан - мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. 1992 жылдың аяғында БҰҰ Бас Ассамблеясы мүгедектер онжылдығының (1983-1992) аяқталуына орай желтоқсанның 3-ін мүгедектер күні деп жариялады. Кез-келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. 
Арнайы жарым жан қауымның құрметіне орай өткізілген концертке аудан әкімінің орынбасары Ж.Әлішева қатысып, көпшілікті Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Ал, талантты жастар болса бар өнерлерін ортаға салып, барша көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады. Шара соңында мүгедек жандарға арнайы сыйлықтар да табысталды.
Айта кетейік, бүгінде Арал ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 2507 адамды құрайды. Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерді қажетті қызметтермен және құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда. Осы бағытта 2016 жылға аудандық, республикалық бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға және қажеттіліктерін қамтамасыз ету бойынша қаржылар қарастырылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: