Алтын Орданың саяси тарихындағы Сыр өңірінің маңызы
Қызылорда облыстық оқу орталығының және Жамбыл атындағы № 120 мектептің бірлесіп ұйымдастыруымен қашықтықтан «Алтын Орданың саяси тарихындағы Сыр өңірінің маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге оқу орталығының маманы Ахметова Ақсауле Асылбекқызы және облыстың тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Конференцияда «Алтын Орданың саяси тарихы» туралы Жамбыл атындағы № 120 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жұмабаева Айгүл, «Алтын Орда кезеңіндегі Сыр өңірі қалаларының тарихы» тақырыбында осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қыдыралиева Лиза баяндама жасады. Баяндама барысында Алтын Орданың тарихы, билік құрған хандар, сыр бойы қалаларының экономикалық маңызы, соның ішінде Сығанақ қаласының маңызына тоқталып өтті. Қашықтықтан оқыту барысында осы тақырыптарда оқушылармен онлайн сабақтар, тапсырмалар, презентациялар жасаудың тиімді жолдарымен бөлісті.Конференцияға қатысушылар өздерінің ой- пікірлерін, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. 2019-2020 оқу жылында осы тақырып аясында мектепте атқарылған жұмыстармен де таныстырылым жасалды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, оқушылардың ғылыми жұмыстармен айналысуына жұмыстар жүргізіледі.Конференция соңында баяндамашыларға сертификаттар табысталды.