Жаңақорғандағы «Арман» қоныстық мәдениет үйінде жерлесіміз, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, әнші-сазгер Елеуов Сауранбек Еркінбекұлының «Сырдария-Жырдария» атты шығармашылық кеші өтті.
Кешке аудан әкімі Руслан Рүстемұлы қатысып, Сауранбек Еркінбекұлын мерейлі 60 жасымен құттықтап, иығына шапан жапты. Ал аудан өнерпаздары кеш иесінің құлақ құрышын қандырар әндерінен тарту жасап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, кеш иесі Елеуов Сауранбек Еркінбекұлы – 80-нен астам әннің авторы. Бүгінде Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи халықаралық қазақ- түрік университетінде «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады.