Жаңақорған ауданы Бірлік ауылдық клубында "Әжелер әрбір үйдің берекесі" атауымен сайысы болып өтті.
Бұл шара қазақтың салт дәстүрі мен әдет- ғұрыптарын насихаттау, көзкөрген асыл әжелердің мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа өнеге көрсетіп тәлім тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Ақ жаулықты әжелер «Таныстыру», «Әже әлдиі», «Білгенге маржан», «Көтерейік көңілді ән жырменен» және «Өнерлі саусақтар» бөлімдерінен тұрған сайыста әжелеріміз халық ауыз әдебиетінен үзінділер оқып, ән шырқап, би билеп, кесте тоқып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, қимылдары ширақ асыл әжелеріміздің бірі алпысты алқымдаса,енді бірі жетпісте. Зейнеткерлікке шықса да қоғам өмірінен тыс қалмай, түрлі шараларға белсене қатысып жүрген өнегелі өнер иелеріне сайыс соңында ауыл әкімі Ә.Мұсаев өз алғысын білдіріп, түрлі номинациялар бойынша марапаттап, сый-сыяпаттар ұсынылды.