Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«Рухани жаңғыру»: Қызылорда облысының тәжірибесі өңірлерге үлгі есебінде таныстырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Қызылорда облысының тәжірибесі республикаға таратылады.


«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша республикалық онлайн семинар өтті. Семинарға бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. 
Вебинар жұмысы барысында бірнеше негізгі мәселелер қамтылды. Атап айтқанда, олардың қатарында Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша жұмыстарды жетілдіру, бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу, сарапшылық және әдістемелік қамтамасыз етілуін өзектендіру бар. Вебинар барысында Қызылорда облысының ғылыми негізделген жұмыс бағытының тәжірибесі өңірлерге үлгі есебінде таныстырылды.  
Маңызды жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова Сыр өңірінде аталған бағдарлама бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баянады. 
Өңірдегі «Рухани жаңғыру» орталығы биылғы жылдың басында қайта құрылды. Бүгінде онда 19 маман қызмет атқарады. Оның  2-і ғылым кандидаты, 1-і PhD докторы және 2-і ғылым магистрі. Орталықты қайта құру және құрылымын жасақтау барысында ғылыми сүйемелдеу жұмыстарына ерекше назар аударылды. Мақсат - бағдарламаны түсіндіруде ғылыми негізделген кешенді жұмыстарды жүргізу және түрлі ұйымдар мен мекемелерге әдістемелік қолдау көрсету. Орталықтың үйлестіруімен облысқа белгілі ғалымдарды біріктірген «Ғылыми-сарапшылық» топ құрылды. Топ мүшелері бүгінде бағдарламаның ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан негіздеуге қолдау көрсетуде.  
«Айта кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы әзірленген болатын. Жобаның басты мақсаты -өңірдің тарихи-саяси және мәдени-рухани даралығын айшықтау арқылы өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеп, білім мен ғылымға қызығушылығын арnтыру. Оған қоса тәуелсіздіктің құндылықтары арқылы, жаңғыру кезеңіндегі адамның жаңа болмысын қалыптастыруға назар аударылады», - деді басқарма басшысы. 
Басқарма басшысы бағдарламаны теориялық әрі әдістемелік қамтамасыз ету үшін республикалық деңгейде ғылыми-сарапшылық кеңес құрудың, өңірлерде Ғылыми-сарапшылық топтарды қалыптастыру қажеттігі туралы ұсынысын ортаға салды. 
«Бұл - бағдарламанының ғылыми, сарапшылық және әдістемелік қамтамасыз етілуін арттырып, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізудің ең тиімді жолы», - деп атап өтті ол.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 100 кітап бұрышы ашылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: