Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ЖАРЫСЫНДА БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ЖАРЫСЫНДА БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫАқтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы үстіміздегі жылғы 26-28 ақпан күндері  Ақтөбе қаласында "Болашақтың 25 идеясы" атты ашық республикалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Болашаққа 25 қадам" атты мерекелік науқаны аясында өткізілді. Аталмыш турнирге Қызылорда қаласынан студенттер лигасына 9 фракция, оқушылар лигасына 7 фракция қатысты. 
«Тұңғыш Астана» фракциясы атынан сайысқа түскен Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті Нұрсұлтан Есеналиев және «Болашақ» университетінің студенті Перизат Несіпбаева жүлделі бірінші орын иегері атанды. Аталмыш турнирге еліміздің түпкір-түкпірінен 34 студенттің және 32 мектептік топтар қатысқан. 
Айта кетейік, турнирдің негізгі мақсаты жастар арасынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау қөрсету. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: