Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Оңбай құладым": Әнші Жұлдыз Өмірғали өзіне көз тигенін айтты 

Отандық танымал әнші Жұлдыз Өмірғали қатты құлап, басын жарақаттап алған. Өнер иесі бұған дейін де мұндай жағдайларға ұрынған болып шықты. Желідегілер Айқынның жарына көз тигенін айтып, оған асқан алаңдаушылық білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ
Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде өзі тап болған оқиға туралы жан сырын ақтарды. "Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған әнші басынан өткен жайсыз жағдай туралы қысқа да нұсқа айтып өткен. 
Шоу-бизнес өкілі басын қатты соғып алғандықтан, жақын арада ауруханаға жүгінуге мәжбүр екенін жеткізді. Ол МРТ-ға жазылмақ. 
"Көз тиді" деп жатыр маған. Бүгін оңбай құладым, миым шайқалған шығар деп ойладым. Алдыңғы жолы да ұрындым. Енді ырымшыл халықпыз ғой. Не істесе болады? Біріншіден МРТ-ға жазылу қажет" , - деп жазды Айқын Төлепбергеннің келіншегі. 
Желі қолданушылары бірден Жұлдыз Өмірғали үшін алаңдап, оған тезірек сауығып кетуін тіледі. Кейбір оқырмандар, тіпті әртіске мұндай жағдайда не істеп, қандай ем қабылдау керектігін де түсіндіруге тырысқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: