Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ӨТТІ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДА НАУРЫЗ ТОЙЫ ӨТТІҰлық мейрам Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі Байқоңыр қаласында жоғары деңгейде аталып өтті. Қалалық саябақта киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. 
Қала халқын облыс əкімінің орынбасары, ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі С.Қожаниязов, аудан əкімі С.Мақашов, Байқоңыр қаласы əкімшілігінің басшысы А.Петренко мерекемен құттықтап, үш бірдей баланың тұсауын кесті. ҰОС-ның ардагері Қалмырза Жарманов балалардың алғашқы қадамына сəттілік тілеп батасын берді. Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жарманов тәй басып, қадамын жазған кішкентайларға және барлық байқоңырлықтарға зор денсаулық, баянды ғұмыр тіледі. Бейбіт елден ынтымақ-бірлік таймасын деген батасын да аямады ақсақал. Шара барысында снайперші, пулеметші қарт майдангерге «Байқоңырға - 60» жыл атты мерекелік медалі табысталды.
Мереке Қармақшы ауданының жəне Байқоңыр қаласы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: