Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Тоқтар мен Бейбіттің үйленген күнінде егіз бала дүниеге келді (ВИДЕО)

Тоқтар мен Бейбіттің үйленген күнінде егіз бала дүниеге келді (ВИДЕО)"Тәттім-ау" деп бірін-бірі ел алдында еркелетіп, халықтың сүйікті әншілеріне айналған Тоқтар мен Бейбіттің шаңырағындағы қуанышты уәде еткеніміздей назарларыңызға ұсынамыз. 20 сәуірде егіз ұлдың әкесі атанған Тоқтар Серіков біздің арнамызды ғана көптен күткен қуанышты сәтіне ортақ болуға шақырған еді. Сәуірде дүниеге келген ұлдар неге перзентхада ұзақ жатқанын Тоқтар мырза былай түсіндірді.
Міне, бұл Тоқтар мен Бейбіттің бірінші ұлдан кейін көп күткен сәбилері. Әлинұр мен Сағинұр. Бір мезетте үш ұлдың анасы атанған Бейбіт бүгінде жағдайларының жақсы екенін айтады.
Бір қызығы, қос ұл мерзімінен бұрын, бірақ Тоқтар мен Бейбіттің дәл үйленген күнінде дүниеге келіпті.
Егіз ұлдарды перзентханадан шығаруға жұлдызды жұптың туған-туыстары мен достары жиналды. Қос ұл мен олардың анасын түрлі түсті шарлар, құшақ-құшақ гүлдер мен екі бірдей лимузин күтіп тұрды. Бірақ Тоқтар өзіне егіз ұл сыйлаған Бейбітке сыйлық дайындамапты.
Егіз ұлдарды үйдің алдында шашу шашып, шапалақ соғып қарсы алып жатты. Тоқтар Серіковтің қала шетіндегі екі қабатты мына зәулім үйінде енді үш баланың күлкісі естілетін болады. Ал, Бейбіт үйіне жеткеніне қуанышты. 
Егіз ұлдарын қайта-қайта иіскеп, бір-бірінен ажыратуды үйреніп жатқан Тоқтар мырза мен Бейбіт ханымның кішкентай балапандарына амандық тілейміз.
Ал, бұл қазақ эстрадасындағы тағы бір жұлдызды жұптың қуанышы. Әділ мен Дана балаларының тойын өткізді.
Өнердегі әріптестері мен туыстарының басын қосқан Әділ мен Дананың  ұлдарының тұсауын Ескендір Хасанғалиев кесті. Ағамыздың ескірмейтін махаббаты қасында...билеп жүр...
Тұсаукесер рәсімінен кейін, сыйлықтар да тарту етілді, ән де айтылды, би де биленді... Ал, Әділ мен Дана алға қойған жоспарларымен бөлісіп жатты.
Шоу-бизнес жұлдыздарының барлығы осындай жақсы ниетте жүрсе алдағы уақытта той көп болатын сияқты...Өнер жұлдыздарының өзге жаңалықтары келесі бағдарламамызда айтылады.


"Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: