Капкарашка отағасы атанды. Желтоқсан айында «Арнау» дуэтінің әншісі Нұржан Керменбаев көктемде шаңырақ көтеретіндігі жайлы жазған едік. Бүгін оның туған жері Жезқазғанда отау құру салтанатына арналған мереке өтіп жатыр. Әншінің қуанышына өнердегі достары жиылып инстаграм желісіне тойдың алғашқы фотолары жүктеді. Пікірлерге сүйенсек келін Тараз қаласынан екен. Той Жезқазғанда өтіп жатқанымен, Нұржан анасымен Алматыда тұрады.
Күллі қазаққа бала күннен «Бозторғайымен» танылған «МұзАрт» тобының әншісі Мейрамбек әке атанды. Бесбаевтардың шаңырағына жұбайы Мархабат шекесі торсықтай ұл сыйлады. Қуанышы қойнына сыймаған Мейрамбек мырза бір құшақ гүлін алып, тұңғышы Кәусармен бірге перзентханадан оқырмандарына алғыс білдірген суретін әлеуметтік желіге жария етті. Барша халықпен бірге "Baistars.kz” ұжымы да бөбектің бауы берік болсын деген жылы лебізін білдіреді.