Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АЙДАРБЕК БАТЫРДЫҢ 4 ҒАСЫР БҰРЫНҒЫ САУЫТЫ ТАБЫЛДЫ

 

XVI ғасырдың соңғы ширегінде ғұмыр кешкен, ұлт бостандығы жолында сексен жастан асқанша ат үсті­нен түспеген Айдарбек батыр Өрісұлының ақ сауыты табылды. 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, аралдық Толыбай Абылаевтың айтуынша, төрт ғасырдан астам уақыт бойы атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асылдың көзіндей, ақиқаттың өзіндей болып жеткен батыр баба сауыты қазір Арал қаласындағы ұрпақтарының бірі, зейнеткер Жеткерген Нұрғабыловтың қолында сақтаулы екен. Ол кісінің айтуынша, таза болаттан жасалған тор көзді бұл сауыттың салмағы 10 кило. Бұрын үлкен болған екен. Уақыт тезіне шыдамай етек тұсы қиылып, ептеп бүлінсе де міні құрымай бүгінге жеткен сауыттың ел тарихының бір бөлшегі екені ақиқат. Тек зерттеушілері табылып, егжей-тегжейлі сараптаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұрпақтары батыр рухын ұлықтау мақсатында ат үстіндегі еңселі ескерткішін асқақтатып, тарихи-танымдық кітап шығарды, ат шаптырып ас бер­ген болатын. Енді міне, батыр­дың төрт жүз жылдан астам уақыт бойы сақталып келген ақ сауыты табылып өшкеніміз жанғандай болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: