Шиелі ауданында өткен «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының облыстық байқауына, Аманөткел ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ақұдай» әзіл-сықақ отауы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Сондай-ақ мәдениет үйінің өнерпазы М.Тілеулиев «Ең үздік сатира ойыншысы» номинациясы бойынша марапатталды. «Ақұдай» әзіл-сықақ отауы бұл байқауға С.Жаңабаевтың «Бас-басына би болған...» атты интермедиясын апарды. Интермедияны сахналағандар мәдениет үйінің өнерпаздары Марат Тілеулиев пен Бақытбек Шыманов болды.