Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШТА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

ЖАЛАҒАШТА МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

 

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі Жалағаш ауданының орталығында аталып өтті. 
Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан әкімі Т.Дүйсебаев қатысып, мәдениет саласының қызметкерлерін мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар айтулы мерекеде аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқаны үшін бір топ қызметкерлерді аудан әкімінің алғысымен хатпен марапаттады.
Мерекелік концертте облыстық «ХІІІ-Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының І орын иегері, аудандық мәдениет үйі жанындағы «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің бишілері өнер көрсетіп, аудандық мәдениет үйі көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: