Жалағаш ауданына қарасты Қаракеткен ауылдық округінде «Иран жүріп өткен жол» атты фильмнің тұсаукесері болып өтті. Фильмнің шығу мақсаты сол ауылда дүниеге келген, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенат депутаты болған Иран Әмірұлына арналған болатын.
Иран Әмірұлы 1944 жылы 15 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен станциясында дүниеге келген. Осыдан бір жыл бұрын 71 жасына қараған шағында дүниеден өткен.
Фильм сол ауылдың сол түстік аймағында түсірілген. Түсірілімге сол ауылдың тұрғындарымен, мектеп ұжымдастары, ауылдық әкімшілік, достары қолдау жасап, жұбайы Бану Әмірова және ұл-қыздарының бастамасымен түсірілген болатын. Тарихи туындының шығуына ықпалдарын тигізіп рөлдерде ойнаған тұрғындарға Иран ағамыздың отбасы түрлі сыйлықтар таратты.