Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Бүгін «Сырғалым» телехикаясы эфирге шығады (ВИДЕО)

Бүгін Ұлттық арна эфирінен отандық «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Қазақстан телеарнасы. 
Осыған орай «Таңшолпанда» телехикая актрисалары Әйгерім Айдар және Динара Абдуллина қонақта болды.
«Жазда біткен жұмыстың нәтижесін өзіміз де күтіп жүрміз. Көрермендер де қашан басталады, деп сұрап жатыр. Екінші маусым бұрынғыға қарағанда, қызығырақ болады деп сенеміз»,-дейді олар.
«Мен жағымсыз кейіпкерді сомдасам да, халықтың көзқарасы жақсы. Әлеуметтік желілерден тек жағымды пікірлерді оқимын. Кейіпкерім Дина екеуміздің мінезіміз ұқсайды деп айта алмаймын. Бірақ, өзінің мақсатына жетуде барын салатын қасиеті ұқсайды»,-дейді Әйгерім Айдар.
«Екінші маусым екі жарым, үш айдай уақытта түсірілді. Осы уақыт аралығында бір-бірімізге бауыр басып, бір отбасыдай болып кеттік».
Еске сала кетейік, «Сырғалымның» екінші маусымының алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалай аласыздар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: