Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РУМЫНИЯ ҚҰРАМАСЫ ӘУЕЖАЙДА ЕКІ САҒАТ ҰША АЛМАДЫ

 

Футболдан Румыния құрамасы Астана қаласына келгеннен кейін бірқатар келеңсіз жағдайларға душар болды. Құрама мүшелері мен ойншылары мінген ұшақ елорда әуежайынан екі сағататй кешігіп ұшты.
Оған себеп – Астана қаласындағы ауа-райының қолайсыздығы. Соның салдарынан аталмыш құрама екі сағаттай әуежайда күтуге тура келді. Осы жөнінде мәлім еткен Dolce Sport телеканалының айтуынша, ұшақ ұшардан бұрын Астанада қар жауған. Осыған байланысты ұшақты уақытылы ұшырудың реті келген жоқ. 
Қуаныштысы, барлығы көп ұзамай реттелді. Әуежай қызметкерлері ұшақ жолын тезірек тазартуға тырысты. Таңертең құрама мүшелері мен ойыншылары Румыния астанасы – Бухарестке бет түзеген ұшаққа отырып, көкке көтерілді. 
Аталмыш телеканал Румыния құрамасының Қазақстанға сапарын қиын болғанын айтады. Алдымен құраманың алты ойыншысының ақшасы мен бағалы заттары қолды. Өздері Қазақстан құрамасымен 0:0 есебімен тең ойнап, ауадай қажетті үш ұпайды жоғалтты. Әуежайдағы оқиға да сондай келеңсіздіктің бірі дейді олар. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: