4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Жалағаш кентінің орталық алаңында «Менің Қазақстаным» атты жастар акциясы өтті.
Оны аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастырды. Акция бағдарламасында ауданның белсенді жастарының Жас патриоттар шеруі Абай көшесінің бойымен бастау алып, орталық алаңға дейін ҚР Мемлекеттік Туы алып жүріліп, аудан тұрғындары бір уақытта ҚР Мемлекеттік Гимнін орындап өтті. Шеруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің №2019 әскери бөлімінің үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын оқу озаттары және аудандық, облыстық, республикалық олимпиада мен түрлі байқаулардың жеңімпаздары ұстап өтті.Акция соңы облыстың шығармашыл жастарының мерекелік концертіне ұласты.