Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ҚҰНАНБАЙ» ФИЛЬМІ ҚАРМАҚШЫДА КӨРСЕТІЛДІ

«ҚҰНАНБАЙ» ФИЛЬМІ ҚАРМАҚШЫДА КӨРСЕТІЛДІ

 

Қармақшылық көрерменнің назарына аудандық мәдениет үйінде актер, әнші, Қазақстаның халық әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Досқан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетілді. 
Өмір жолында «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Ақ барыстың ұрпағы», «Омпа» «Алтын күз», «Көшпенділер» тағы басқа көптеген фильмдерде өз ролін сәтті сомдаған актердің ұлттық кино өнеріне қосқан «Біржан сал» «Құнанбай» атты тарихи туындылары көптің көңілінен шығып, халық арасында жоғары бағалануда. Мәдениет ошағына жиналған жұрттың қарасы аз болмады. Туындының көрсетілімі аяқталған соң аудан әкімі С.Мақашов сахна төрінде басты рөлді сомаған Досхан Жолжақсынов пен аталмыш фильмдегі Ұлжан ролін сомдаған жұбайы Қаракөз Сүлейменованың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. 
Айта кетейік "Құнанбай" - ұлттық театр және кино актері, режиссер, сценарист, Досхан Жолжақсыновтың режиссер ретінде түсірген екінші көркем фильмі. Кинокартина атақты дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Фильмде Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, сонымен қатар, XIX ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбеті көрініс тапқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: