Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Айдарбек бабаға ас беріледі

Айдарбек бабаға ас беріледіҚазақ хандығының 550 жылдығына орай ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал өңірінде өмір кешкен, ұлт-азаттығы үшін күрескен Ақсауытты Айдарбек батырға ас беру өтеді.
Оның бағдарламасы төмендегіше:
23 қыркүйек, сағат 21.00. Белгілі әншілер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғанипа Сады­қова, терме­ші Аманқос Садықов, Тө­реғали Төреәлі және басқа­лардың қатысуымен орталық алаңда гала-концерт.
25 қыркүйек, сағат 16.00-де аудандық мә­дениет үйінде «Жыр ар­қауы - Айдарбек батыр» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы.
26 қыркүйек, сағат 10.00-де Айдарбек баба ескерт­кішінің ашылу салтанаты. Мұнан соң «Сайқұдық» ипподромында баба рухына бағышталып ас беріледі.
Аламан, құнан бәйге болады. Бас бәйге - жеңіл авто­көлік және ақшалай-заттай сыйлықтар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: