Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ҮШ ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА ҮШ ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫҚазалыда «Тіл шебері – 2016» атты аудандық олимпиада өткізілді.
Онда үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, өзге де халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оған аудан мектептеріндегі 9-10 сынып оқушылары арасынан 50-ге жуық талапкер қатысты. Сайыс өзін-өзі үш тілде таныстыру, берілген тақырыпқа эссе жазу және мәтінге ілеспе аударма жасау бойынша үш кезеңнен ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесімен 9-сынып оқушылары арасында Асылжан Нұрланқызы (№266 мектеп-лицей), 10 сынып оқушыларынан Балауса Нұрғазы (№249 мектеп-лицей) жеңімпаз атанып, арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: