Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Егізі сияқты": Әнші Бүркіт өзінен айнымайтын туған ағасын көрсетті (видео) 

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Бүркіт қалың көпшілікке өзінің туған ағасын көрсетіп, елді таңғалдырды. Желі қолданушылары бір-бірінен айнымайтын ағайындыларды мүлдем ажырата алмай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айбек Жансейітов туған ағасы Әлимен түскен видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Бейнежазбадан қос бауырдың көлікте кетіп бара жатқанын көруге болады. 
Эстрада жұлдызы камерада өзін емін-еркін ұстаса, оның ағасы түсірілім дегенді аса ұнатпайтын болып шықты. Ол бірден жұлдызды інісіне өзін түсірмеуін өтінген. 
Ағайынды Жансейітовтардың өзара ұқсастығын барша желі қолданушылары байқағаны анық. Олардың басым көпшілігі тіпті Айбек пен Әлиді егіздер деп ойлап қалды. 
Әншінің жанкүйерлері оның ағасынан айнымайтынын жарыса жазып, аталмыш видеоны қызу талқыға салған. Кейбір желі қолданушылары бейнежазбаны монтаж деп ойлап қалғандарын жазды.
"Егізсіздер ме?" , "Қатты ұқсайсыздар. Егізіңіз ба?" , "Монтажба деп қалдым" , "Митхун Чакраборти екен" , "Түрлі концерттерге бірге шығып, ақша тапсаңыздар болады. Ағаңызды сізден ажырата алмасы анық" , "Тым қатты ұқсайсыздар. Егізсіздер ғой деймін" , "Өзіңіз секілді мачо екен" , "Он рет көрдім. Екеуіңізді қатты ұқсаттым, айнымай қалыпсыздар" , "Түрі былай тұрсын, дауыстарына дейін ұқсайды екен" , "Сіздің көшірмеңіз" , - деп жазуда көпшілік. 
[media=https://www.instagram.com/p/CHJ6FFrnj5_/]
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: