Жалағаш ауданы Жаңадария ауылының 50 жылдығына орай жаңа кітап жарыққа шықты.
Осыған орай Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің жауапты хатшысы Серік Бертаев «Қызылқұмды түлеткендер» атты кітабының тұсаукесерін жасады. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Жаңадария ауылы құрылған сәттен бастап қызмет жасаған азаматтар бас қосты. Шара барысында аудан әкімі Т.Дүйсебаев ауылды дамытуға атсалысқан бірқатар ардагер ағаларымыз пен апаларымызға өз алғысын білдіріп, марапаттады. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ауыл тұрғындарына жырдан шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды.