Жастар керуені Қызылорда облысының 2015 жылға арналған жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету және NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөніндегі салааралық іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында жұртшылықпен жүздесті. Екі күнге ұласқан жастар керуені кент және ауыл жастарымен кездесу өткізіп, жастарға арналған бағдарламалардың облыс көлемінде орындалу барысын айтып, жастарға арналған семинар-тренингтер өткізді.