Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында облыстағы Шешен ұлтының мәдениеті мен өнері күндеріне арналған мерекелік шара болып өтті.
Шара барысында қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағам түрлерінің және кітап көрмелері ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарына арналған ауыл өнерпаздарымен бірге «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерт берілді. Шара соңында ауыл ақсақалдары және өзге ұлт өкілдерінің өзара пікір алмасу кездесуі өткізіліп, «Вайнах» шешен ұлттық бірлестігінің төрағасы Мовлади Исаевқа шапан жауып, құрмет көрсетілді.