Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАПОНИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЭТНОАУЫЛДЫ ТАМАШАЛАДЫ

ЖАПОНИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ЭТНОАУЫЛДЫ ТАМАШАЛАДЫ

 

5 шілде күні Қызылорда облысына Жапонияның Қазақстанмен парламенттік достық лигасының делегациясы келді. Олардың құрамында лига төрағасы Такео Кавамура мырза, лиганың Бас хатшысы Наокаду Такэмото мырза және Бас хатшысының орынбасарлары Канаэ Ямамото мен Яско Комияма ханымдар бар. 
Делегация Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенін және музейді аралап, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған этноауылды тамашалады. 
Айта кетейік, 20 маусым – 4 шілде аралығында этноауылға 1200-ден астам туристер мен қонақтар келген. Олардың қатарында Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы, Астана қалаларының тұрғындары мен Германия, Ирландия, Румыния, Голландия, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларының және Ресей Федерациясының туристері бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: