Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

КСРО халық әртісі Армен Джигарханян қайтыс болды

КСРО халық әртісі Армен Джигарханян сенбіге қараған түні 86 жасында қайтыс болды. Бұл туралы "РИА Новости" ақпарат порталына Джигарханян театрының өкілі естірткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Армен Джигарханян - актер, театр режиссері. Ол "Здравствуйте, я ваша тетя!", "Место встречи изменить нельзя", "Собака на сене", "Ширли-мырли" және басқа да картиналарда ойнаған. 
Джигарханян 1996 жылдан бастап Мәскеу драма театрының директоры. Театр репертуарында әйгілі "Дон Жуан", "Ромео мен Джульетта", "Мың бір түн", "Ревизор", "Үш апалы-сіңлілі" және басқа да шығармалардың негізіндегі қойылымдар бар.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: