Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІН 20 КҮН АРАЛАЙДЫ

ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІН 20 КҮН АРАЛАЙДЫ

 

Өткен сенбіде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата ескерткіші жанында "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының жолға шығу құрметіне орай салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі.
– Халқымыздың сан ғасырлар бойғы тарихында Сыр өңірінің алар орны айрықша. Мұны Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Сыр – Алаштың анасы” деген сөзінен-ақ аңғаруға болады. Тарихқа көз жіберсек, ата-бабаларымыз хандықтар астанасын осы өңірге салды, өсіп-өркендеді, тамырын тереңге жайды. Оның куәгерлері тарихи жәдігерлерімізді, Алашқа қорған болған қасиетті орындарды танып-білу – ұлттық рухты көтеріп, сананы сілкіндірері сөзсіз. Сондықтан да "Сыр – Алаштың анасы” экспедициясының алға қойған мақсаты орындалуына тілектестігімді білдіремін, – деді облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.
Содан соң  "Консенсус” қоғамдық қоры директоры Ербол Күмісқожаев сөз сөйлеп, экспедицияның мақсат-міндеттерін тілге тиек етті. Аталған экспедицияның мақсаты – Сыр өңіріндегі тарихи-мәдени орындарды аралап, олардың насихатталуына үлес қосу. Шара аталған қоғамдық бірлестіктің бастамасымен, облыстық әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Қоғамдық ұйым жетекшісі Ербол Күмісқожаевтың айтуынша, экспедиция 20 күнге созылмақ. Облыстық жастар ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистерден құралған топ Жаңақорған мен Арал аралығындағы жүзден аса нысанды аралауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, экспедиция барысында тарихи-мәдени орындармен қатар облысымыздағы экономикалық-әлеуметтік маңызы бар нысандар да қамтылатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: