Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ


2018 жылғы 29 қараша күні, сағат 11.00- де Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Елімнің бағы - Елбасы" атты мерекелік салтанатты шара өтті.
Мерекелік құттықтау сөз қала әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлына беріліп, сонымен қатар, екі дүркін "Алтын домбыра" иегері, Сырдың сүлейі атанған Мұхтар Ниязов және Қызылорда облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясының неміс этномәдени бірлестігінің өкілі Светлана Крюгер Елбасы күніне арналған құттықтауын жеткізді. Әрі қарай салтанатты шара қала өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасымен ұласты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: