Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА ҮЗДІК АУЛА КЛУБЫ АНЫҚТАЛДЫ

  АРАЛДА ҮЗДІК АУЛА КЛУБЫ АНЫҚТАЛДЫ

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық мәдениет орталығында «Ең үздік аула клубы» сайысы болып өтті. Оны Арал аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Арал аудандық бөлімі және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 
Үздік аула клубын анықтау мақсатында өткізілген сайыстар: қолөнер бұйымдарының көрмесі, суретшілер байқауы және патриоттық әндер байқауы сынды үш кезеңнен тұрды. 
Үш байқау нәтижесі бойынша ең жоғары бағалауға ие болған №220 мектеп «Аңса» аула клубы «Шығармашыл аула клуб», № 64 мектеп «Ұйымшыл аула клуб», № 262 мектеп-гимназия «Өнерлі аула клуб» номинацияларымен марапатталса, «Ең үздік аула клубы» деп барлық жағынан жоғары шыққан № 19 Жақсықылыш кентінің мектебі жанындағы аула клуб танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі тарапынан арнайы дипломдармен қоса бағалы сыйлықтарға ие болды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: