28 сәуір күні Қызылорда облысының әкімі «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 25 жылдығына орай телеарна басшылығын қабылдады.
Облыстық телеарнаның 25 жылдығымен құттықтаған аймақ басшысы, телеарна ұжымының өңірдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына қосқан ерекше үлестерін атап, жылы лебізін жеткізді. Кездесуде телеарнаның алдағы жоспарлары таныстырылып, шығармашылық ұжымды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының 25 жылдығына арналған салтанатты шара 29 сәуір күні сағат 18-00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық драма-театрында өтеді.