Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатыр

Талай қыздың арманы болған актер отбасын құрғалы жатырҚазақстанның танымал актері Санжар Мәдиевтің жақын арада отбасын құратыны белгілі болды. Бұл туралы актер өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында жазды деп хабарлайды Қазақпарат.
Болашақ жарына сырға салғаннан кейін Санжар онымен бірге түскен суретін жариялаған. Шоу-бизнес саласында жүрген продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram-дағы парақшасында актердің қалыңдығының есімі Мөлдір екенін жазды.
"Жаңа жоба! Мегадарынды Санжар Мәдиев пен өте сұлу Мөлдірдің үйлену тойы", - деп мәлімдеді Жан.
Санжар Мәдиев қазақстандықтарға "Алқызыл қоян туралы аңыз", "Аңыздар кітабы: жұмбақ орман", "Елес қуған сайыпқыран", "Шыршалар 2" фильмдері бойынша танымал болған.
Санжар биылғы жылдың желтоқсанында шығатын "Марко поло" фильмі мен 2015 жылы прокатқа шығатын "Кенесары" тарихи картинасына түскен.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: