Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАТАРЛАР БІРЛЕСТІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАТАРЛАР БІРЛЕСТІГІ 25 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ

 

Қызылорда облысындағы татар этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына орай Бүкіләлемдік татарлар конгресінің атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Данис Шакиров, Татарстан Республикасының халық әртісі Фердинант Фатхи, халықаралық фестивальдер мен конкурстардың лауреаты Сирина Заунитдинованың қатысуымен мерекелік шара өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазан қаласынан келген қонақтармен кездесіп, өңірдегі татарлар орталығының қызметі туралы айтып берді.
- Біздің бауырларымыз – татарлар бірлесе жұмыс істеп, аймақ игілігіне, ортақ Отанымыз – Қазақстанның гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп жүр. Республиканың еңбек сіңірген ұстазы Нағима Абдулқызы Ахмадеева, еңбек сіңірген дәрігер Фатима Ғалиқызы Ишмеева, еңбек сіңірген құрылысшы Фарид Хабиболлаұлы Фаткульдинов, дене шынықтыру және спорт саласының еңбек сіңірген қызметкері Фаат Хамитұлы Китаевтың есімдері Қызылорда облысының тарихына енгізілді,- деді облыс әкімі. 
Өз кезегінде Денис Шакиров облыстық татарлар орталығына қолдау білдіргені үшін аймақ басшысына ризашылығын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: